18 Нау 2022
Жаңалықтар №15 Абай

Наурыз мейрамы қарсаңында №15 Абай атындағы орта мектебінде "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты мерекелік шара өткізілді

Наурыз мейрамы қарсаңында №15 Абай атындағы орта мектебінде "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты мерекелік шара  өткізілді. Осыған орай ұлттық тағамдар мен ұлттық қолөнер түрлерінен көрме ұйымдастырылды.Оқушылар көрісу, бесікке салу, тұсау кесер салт-дәстүрлерінен сахналық көрініс қойып,  халқымыздың  салт-дәстүрге бай екенін көрсетті. Сонымен қатар, мерекелік шарада әсем ән айтылып, күмбірлете күй де тартылды.