25 Қар 2021
Жаңалықтар №15 Абай

№15 Абай атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 24 қараша күні 8 сынып оқушыларының және «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Орынғали Ринат мырзаның қатысуымен жиналыс болып өтті

№15 Абай атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 24 қараша күні 8 сынып оқушыларының және «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Орынғали Ринат мырзаның қатысуымен жиналыс болып өтті. Сөз кезегін алған Орынғали Ринат мырза оқушыларға әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті.Сонымен қатар, арнайы мамандар «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» секілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырғандығын жеткізді.Деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары мен олардың қоғамға тигізер зиянын түсіндірді.Жиналыс соңында оқушылар өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

№15 Абай атындағы орта мектебінің жаңалықтар бөліміне салуыңызды сұраймыз.