13 Қар 2021
Жаңалықтар №15 Абай

«Ұлттық құндылықтар- тұрақтылық негізі»

№15 Абай атындағы орта мектепте 2021 жылдың 11 қараша күні  «Ұлттық құндылықтар- тұрақтылық негізі» атты жиналыс өтті. Аталған шараға ардагер ұстаз,облыстық ақпараттық талдау тобының мүшесі Морданов Темірбек  және «Жәрдем Атырау» корпоративтік қорының теологы Уразов Амангелді  келіп, 9-10 сынып оқушыларына ұлттық құндылықтар жөнінде ақпарат берді.Шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.