16 Нау 2022
Мектепішілік шараларға

Ағылшын тілі апталығының есебі 2021-2022

Жалпы білім беретін Абай атындағы № 15 орта мектебінде 8-18 қараша  аралығында  ағылшын тілі  пәні бірлестігінің «English around Us » тақырыбында аптылығы өткізілді.

Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру; Мектеп оқушыларының ағылшын тілін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін қойылатын талаптарды күшейту.Оқушылардың бойындағы зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамыту және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға  ынталандыру.  Ағылшын тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру. 

Апталықтың жүру барысы:

Қарашаның 8жұлдызында апталықтың ашылуы салтананатты түрде саптық жиында өткізілді. Апталықтың жоспары екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде - ашық сабақтар, екінші бөлімінде - сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді.

Қарашаның  9 жұлдызында ағылшын пәнінің мұғалімі  Алгуатова Динара   6«Б» сыныбында «Animals. Talking about animals» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ тартымды,белсенді, оқушылардың жан-жақты, ағылшын тілін жетік меңгергені, жеке қосымша дайындықпен келгені, ізденістерін көрсетті.

Қарашаның 11 жұлдызында ағылшын  пән мұғалімі Амалова М «Counting and measuring» тақырыбындағы ашық сабағынын  2«Б» сыныбында өткізді.

Сабақта оқушылар өз білімдерін көрсете отырып, ауызша, жазбаша, топтық жұмыстар жүргізілді.

Қарашаның 11 жұлдызында ағылшын пән мұғалімі Зиналиева Ж. 4 сынып оқушыларымен  Celebration  атты сыныптан тыс шара өткізді. Оқушылар тәрбие сағатында белсенді болды.

Қарашаның 12 жұлдызында ағылшын пән мұғалімі Амалова М.О. 3"А" сыныбында Funny English атты сыныптан тыс шара өткізді. Оқушыларды топтарға бөліп жарыстырды.Мақал -мәтелдер,жұмбақтар және де әр түрлі тәсілдерді пайдаланды. Сайыс өте тартымды, әрі қызықты өтті. Оқушылар өз білімдерін осы шарада көрсете білді. Мұнда сайыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Қарашаның 12 жұлдызында ағылшын пән мұғалімі Зиналиева Ж.  «Time.

Times of my day» тақырыбындағы ашық сабағынын 2«Д» сыныбында өткізді.Оқушылар сабақта өз білімдерін көрсете білді. Уақытты айтып үйренді, қолдан жасалған сағатпен жұмыс жасады. 

Қарашаның 13 жұлдызында ағылшын пән мұғалімдері Алгуатова Д.А. және Жұмағалиева А.А. қазіргі заманауи өмір қажеттілігін анықтау мақсатында "Development of tasks for SA for the unit and SA for the term"атты   ағылшын тілі пәні мұғалімдері және мектеп мұғалімдеріне   каучинг өткізді. Осы каучингти жүргізу мақсаты-  БЖБ және ТЖБ құрып үйрену және өзара тәжірибе алмасу..

Қарашаның 15 жұлдызында бастауыш сынып пәні мұғалімдері 1-4 сынып оқушылары арасында «English letters» тақырыбында қолдан жасалған бұйымдар жасау сайысын ұйымдастырды. Оқушылар белсене атсалысып , шығармашылық жұмыстарын көрсетті.

Қарашаның 15 жұлдызында ағылшын пән мұғалімдері Жұмағалиева А.А. және Алгуатова Д.А. 7,8,9 сыныптар арасында"Hogwarts School of Witchcraft and Wizardy" атты  сыныптан тыс сабақ  өткізді. Шара барысында  жоғары сынып оқушылары әйгілі фильм кейіпкерлерінің костюмін киіп шықты және олардың пәнге деген ықыласын, қызығушылығын,оқушылардың жеке дайындықтары, ғаламтор ақпараттары мен ізденістері, өз білімдерін терең меңгергендігі көрсетті.

Қарашаның 16 жұлдызында ағылшын  пән мұғалімі Жұмағалиева А.А. «Housework» тақырыбындағы ашық сабағынын  7«А» сыныбында өткізді. Сабақта оқушылар  өз білімдерін көрсете отырып, ауызша, жазбаша, топтық жұмыстар жүргізілді.

Қарашаның 16 жұлдызында ағылшын пән мұғалімі Амалова М. 3,4 сыныптар арасында “In the world of poetry” атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа айтып жарысты. Оқушылар өте жақсы дайындықпен келді. Шара соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Қарашаның 17 жұлдызында ағылшын пән мұғалімі Койшибаева А.М. "Days of the week" атты ашық сабақты 3"В" сыныбында  өткізді. Ұстаз сабақ үлгісін ақпараттандыру технологиясы арқылы және дидактикалық материалдарды тиімді пайдаланды.

Қарашаның 17 жұлдызында ағылшын пән мұғалімі Меңдігереева А.М. "Apologizing. An opinion essay" атты ашық сабақты 9"А" сыныбында  өткізді. Сабақ үстінде оқушылар топпен жұмыс жасады, белсенділік танытты. Ұстаз сабақты қорытындылау кезінде интернет желісі арқылы KAHOOT ойынын қолданды.

Қарашаның 18 жұлдызында ағылшын пән мұғалімі Куанышева К.М. "My school" атты ашық сабақты 2"Б" сыныбында  өткізді. Сабақта оқушылар өз білімдерін көрсете отырып, ауызша, жазбаша, топтық жұмыстар жүргізілді.

Қарашаның 18 жұлдызында ағылшын пән мұғалімдері Куанышева К.М. және Койшибаева А.М. "The bun","The turnip" ертегіні 2"Г" сыныбының оқушыларымен қойды. Ертегіге оқушылардың дайындығы өте жақсы болды. Актерлік шеберліктері тамаша. Мұғалімдер қойылымға қажетті заттарды дайындап, оқушылардың дайындығына да ерекше мән берді.

Апталықтың жабылуында апталыққа белсене қатысқан сыныптар «Алғыс хат» және дипломдармен марапатталды. Апталықта өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері сабақ соңында талқыланып, мұғалімдерге айтылды. Барлық шараларды ұйымдастыруда  жаңатехнологияны,  АКТ –ны  тиімді  қолданып  өтілгендігі  атап өтілді. Өткізілген  сабақтар барысында оқушылар  толымдық, ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін  арттырды. Апталық папкасы жинақталып талдау жүргізілді.  Қорытакеле, ағылшын  пәні апталығы оқушылардың  жан-жақты дамуына  үлес  қосып, ағылшын тілі пәнінедеген көзқарасымен қызығушылығын арттырды деген ойдамыз.